Текст
30.03.2026
Даярлық тобында музыкадан “Ырғақпен қадамдайық» тақырыбында ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті өтті.
Балалар музыканың ырғағына сәйкес жүру, марш қадамдарын жасау және қарапайым қимылдарды орындауды үйренді. Олар жылдам және баяу темпті ажырата білді, музыканың мінезі өзгерген кезде оған дұрыс әрекет етті және қимыл координациясына арналған тапсырмаларды орындады.