Текст
10.11.2026
Балқашино ауылының «Ер-Төстік» бөбекжайының «Батырлар» би ұжымы мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» атты байқауға қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша би ұжымы Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының «Үздік балалар биі» номинациясымен марапатталды.
«Батырлар» би ұжымының бүлдіршіндерін және жетекшісі Кошбай Асылтасты лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жарқын өнер және жаңа жеңістер тілейміз!